Өртті сөндіруге 100-ге жуық жеке құрам мен 47 бірлік арнайы техника жұмылдырылған.
Түнде Астанадағы қоқыс полигонынан өрт шықты
фото: www.istockphoto.com
125
оқылды

Елордадағы Байқоңыр ауданы Алаш тас жолының бойында орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны аумағында қоқыс өртке оранды. Бұл туралы ТЖМ мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оқиға орнында ТЖМ мен ЖАО күштері мен құралдары жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіруге 100-ге жуық жеке құрам мен 47 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Өртті сөндіру жұмысы қою түтін мен қатты тұрмыстық қалдықтардың жану ерекшеліктеріне байланысты күрделене түскен.

– Өрт сөндірушілер тілсіз жауды сөндіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр. Жағдай бақылауда. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, – делінген хабарламада.