10 шілдеге қараған түні Жамбыл облысында жер сілкінісі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстанның Ұлттық деректер орталығының мәліметінше, 10 шілде күні Астана уақытымен сағат 00:59-да магнитудасы 4,5 болатын жер сілкінісі тіркелген.
Жерасты дүмпулерінің сезілу деңгейі мен ықтимал салдары туралы әзірге ақпарат жарияланған жоқ.
Бұған дейін еліміздің бірнеше өңірінде жер сілкінісі болғанын жазған едік. Нақты айтсақ, Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде сезілді. Шымкент, Тараз қалаларында, сондай-ақ Түркістан және Жамбыл облыстарының бірқатар елді мекендерінде дүмпу күші 2 балл болды.
