Ұйымдастырушылық мәселелер қаралғаннан кейін «Әділет» партиясының кезектен тыс III съезінің делегаттары сайлауалды бағдарламаның негізгі басымдықтарын талқылап, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекітті.
«Әділет» партиясы Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекітті
Фото: adilet-partiyasy.kz
254
оқылды

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – мазмұны мен басты басымдықтары жаңартылған партияның сайлауалды бағдарламасын бекіту болды. Құжат сегіз негізгі бағыттан тұрады. Оларды партияның Саяси кеңес мүшелері жан-жақты таныстырды. Бағдат Мусин цифрлық мемлекетті дамытуға арналған бастамаларды ұсынды. Замира Кузиева өңірлерді дамыту мәселелеріне тоқталды. Ренат Бектұров әділетті экономиканы қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарын таныстырды. Динара Зәкиева әлеуметтік саясат бағытын ұсынды. Лаура Қарабасова адами капиталды дамыту мәселелеріне тоқталды. Қарлығаш Жаманқұлова мәдениет саласына қатысты бастамаларды таныстырса, Ирина Тен экологиялық күн тәртібіне арналған ұсыныстарын ортаға салды.

Талқылауды қорытындылаған партия Төрағасы Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасы ауқымды сараптамалық және қоғамдық жұмыстың нәтижесі екенін атап өтті.

«Бүгін бекітілген партияның сайлауалды бағдарламасы кабинетте отырып жазылған жоқ. Оның негізіне Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт  Тоқаевтың стратегиялық бастамалары, әлеуметтік зерттеулердің қорытындысы, «Әділет» партиясы өткізген көптеген стратегиялық талқылаудың нәтижесі, сондай-ақ азаматтардың ұсыныс-пікірі мен жетекші сарапшылардың ұсыныстары арқау болды», –  деді Айбек Дәдебай.

Оның айтуынша, құжат алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын айқындап қана қоймай, бүгінде қоғам үшін ең өзекті мәселелерді шешетін нақты тәсілдерін де көрсетеді. «Біздің бағдарламаның басты ерекшелігі – оның мемлекеттік аппараттың емес, азаматтардың мүддесіне негізделуінде. Бағдарламаның әрбір бөлімінің өзегінде нақты адам, оның тұрмыс-тіршілігі, мүддесі, үміті мен қажеттілігі тұр», – деді партия Төрағасы. Сөзін қорытындылаған Айбек Дәдебай сайлауалды бағдарлама бекітілгеннен кейін партия сайлау науқанына дайындықтың келесі кезеңіне кірісетінін айтты. Ендігі негізгі назар өңірлердегі азаматтармен жұмысқа және бағдарламаның негізгі ережелерін кеңінен түсіндіруге бағытталады.

«Жаңа Конституция Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Енді маңыздысы – сол мүмкіндіктерді қалай пайдалана алатынымыз. Елді өзгертетін – адамдар: олардың идеялары, жауапкершілігі, адал еңбегі және халқына қызмет етуге деген даярлығы. Бүгін біз алдағы сайлауда «Әділет» партиясының атынан түсетін, осы жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын кандидаттар тобын бекіттік. Сіздермен бірге ел игілігі жолында еңбек етуге дайын пікірлес азаматтардың біртұтас командасын жасақтадық. Олар уәде берумен ғана шектелмейді. Кінәліні іздемейді. Өткенмен өмір сүрмейді. Болашақты бірге құрады», – деп түйіндеді Айбек Дәдебай.

Күн тәртібіндегі жеке мәселе ретінде Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімі бекітілді. Съезд ұсынылған кандидаттарды қолдап, олар алдағы реформалардың ел ішіндегі негізгі жаршылары болады деген сенім білдірді. «Әділет» партиясы 186 кандидаттан тұратын ең ауқымды партиялық тізімді ұсынды. Оның құрамына ғылым, білім, бизнес, өнеркәсіп, цифрлық сала, мәдениет, спорт және азаматтық қоғам өкілдері енді. Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімі:

1. Константин Авершин Викторович

2. Ербол Адаев Дәненұлы

3. Әлия Адамбаева Райымқұлқызы

4. Кендебай Адамбек Сарыбайұлы

5. Тілектес Адамбеков Серікбайұлы

6. Асхат Аймағамбетов Қанатұлы

7. Айжан Аймағанова Талғатқызы

8. Абай Алтай

9. Жарқынбек Амантайұлы

10. Гүлзира Атабаева Нұржанқызы

11. Гүлназ Атамқұлова Төреханқызы

12. Дархан Ахмедиев Мейрамұлы

13. Съезбек Ахметов Рақышұлы

14. Сәбит Ахметов Мейрамұлы

15. Ульяна Ашимова

16. Алмат Әбдікешов Жанболатұлы

17. Мұрат Әбенов Абдуләмитұлы

18. Айымгүл Әбілева Ақылбайқызы

19. Алпамыс Әбілов

20. Бекжан Әлімқұлов Мұхидинұлы

21. Мадияр Әмірғалиев Орынтайұлы

22. Эмин Әскеров Халилұлы

23. Жанарбек Әшімжанов Садықанұлы

24. Аяужан Әшімова Тұрсынбекқызы

25. Айрат Базенов Базенұлы

26. Шалкар Байбеков

27. Зүлфия Байсақова

28. Ғиззат Байтұрсынов Сейдахметұлы

29. Нұркен Бақытбекұлы

30. Әділ Балтабаев Серікұлы

31. Айнагүл Балташева Қыдырбайқызы

32. Вадим Басин Борисов

33. Ерлан Батырбеков Ғаділетұлы

34. Жолдас Батырхан Нұрланұлы

35. Марат Башимов Советұлы

36. Рустам Баялиев Ахатханұлы

37. Елдос Баялышбаев Қайыркенұлы

38. Сергей Бежецкий Владимирович

39. Нұрлан Бекназаров Құдиярұлы

40. Ренат Бектұров Нұрмолдаұлы

41. Берік Беркімбаев Серікұлы

42. Берген Беспалинов Маратұлы

43. Әсел Бәденова Жанболатқызы

44. Дәурен Битеміров Мұхтарұлы

45. Наурызбек Бірмағанбетов

46. Евгений Больгерт Андреевич

47. Сатыбалды Бұршақов Ересұлы

48. Белла Газдиева Асланбековна

49. Наталья Годунова Николаевна

50. Ербол Данағұлов Жеткергенұлы

51. Жұлдыз Данбаева Сейітқамзақызы

52. Александр Данилов Сергеевич

53. Айбек Дәдебай Арқабайұлы

54. Қазыбек Дәуіталиев Нұрсейітұлы

55. Дидарбек Ділдәбек Жұмағалиұлы

56. Нұрлан Дулатбеков Орынбасарұлы

57. Динара Егамбердиева Асылқызы

58. Бота Елеусізова Серікқызы

59. Бегалы Ералиев Ералыұлы

60. Мағжан Ералиев Абзалұлы

61. Дәурен Ерғарин Тілекұлы

62. Нұрсадық Ергешбек Ергешбекұлы

63. Шынасыл Ерназар Жеңісұлы

64. Айсұлу Ерниязова Әлімжанқызы

65. Сұнғат Есімханов Қуатұлы

66. Серік Есматов Аманжолұлы

67. Ботагөз Жақселекова Шаймарданқызы

68. Бауыржан Жамалов Салдарұлы

69. Карлығаш Жаманқұлова Қалибекқызы

70. Арман Жансeңгіров Серікұлы

71. Алмат Жүкебаев Отаубайұлы

72. Эльдар Жұмағазиев Тынышбайұлы

73. Ләззат Жылқыбаева Әуезханқызы

74. Геннадий Зенченко Геннадьевич

75. Динара Зәкиева Болатқызы

76. Еркебұлан Ильясов Сайдоллаұлы

77. Снежанна Имашева Валерьевна

78. Ақерке Искандерова Нұрғалиқызы

79. Мейрамбай Кемалов Тамабайұлы

80. Рауан Кенжеханұлы

81. Наргиза Керімбаева Абайдоллақызы

82. Дәулет Кәрібек Жамаубайұлы

83. Алтынай Көбеева Орманқалиқызы

84. Замира Кузиева Закировна

85. Юлия Кучинская Владимировна

86. Раушан Қажыбаева Жаңабергенқызы

87. Диляра Қайдарова Радикқызы

88. Дәурен Қайыпов Айтасұлы

89. Сандуғаш Қалижанова Қайыргелдіқызы

90. Арман Қалықов Қобыландыұлы

91. Дихан Қамзабекұлы

92. Лаура Қарабасова Чапайқызы

93. Шолпан Қариева Қайратқызы

94. Ерлан Қарин Тынымбайұлы

95. Шолпан Қаринова Таңатқызы

96. Ақтоты Қисықова Жанаралқызы

97. Марат Қожаев Шәдетханұлы

98. Серік Қожаниязов Салауатұлы

99. Ләззат Қожахметова Таймырқызы

100. Асқар Құйқабаев Нұртуғанұлы

101. Ақжол Құрмансейіт Ахатұлы

102. Андрей Лаврентьев Сергеевич

103. Дәурен Маралов Әділмырзаұлы

104. Нұрбек Матжани Сейілханұлы

105. Дана Медеуова Теміртайқызы

106. Жанат Мекеева Жұмағазықызы

107. Бағдат Мусин Батырбекұлы

108. Шахмұрат Мүтәліп

109. Абылай Мүтіев Құрметұлы

110. Ерқанат Мұсылманбек

111. Мұратбек Мұхамбедиев Қайырсәпиұлы

112. Әлия Мұханбетжанова Биғазықызы

113. Назгүл Мұхтарова Батыржанқызы

114. Мади Мырзағараев Жомартұлы

115. Айжан Найымбекова Ізбасханқызы

116. Бахадыр Нарымбетов Мадалыұлы

117. Гүлісхан Нахбаева Сайфулинқызы

118. Нұржан Ниязалиев Әуезұлы

119. Ербол Нұрғалиев Жолдаспекұлы

120. Бөріхан Нұрмухамедов Жолбарысұлы

121. Кирилл Осин Владимирович

122. Әмірбек Оспанбеков Қанатбекұлы

123. Шота Оспанов Сәбитбекұлы

124. Аббат Өрісбаев Жәңгірханұлы

125. Дмитрий Павленко Иванович

126. Анжелика Парсегова Борисовна

127. Ольга Перепечина Валентиновна

128. Константин Петров Викторович

129. Сергей Пономарев Михайлович

130. Шерзод Пулатов Аббозович

131. Ләззат Разбекова Мұратқызы

132. Наталья Рамазанова Сергеевна

133. Айзада Рахметова Нұрланқызы

134. Максим Рожин Николаевич

135. Мәди Рымжанов Рысбекұлы

136. Татьяна Савельева Михайлова

137. Жұлдыз Сағымбаева Әбдіполатқызы

138. Замир Сағынов Садықұлы

139. Ерлан Саиров Бияхметұлы

140. Әлібек Сайланбаев Айдосұлы

141. Эльмира Сапарова Карифоллақызы

142. Әсем Сартбаева Бахытқызы

143. Айдос Сарым Әміроллаұлы

144. Марат Себасов Бақбергенұлы

145. Елена Семидоцких Александровна

146. Айнұр Сәбитова Әлімханқызы

147. Динара Сәдуақасова Тайбасарқызы

148. Айжан Сқакова Амангелдіқызы

149. Екатерина Смышляева Васильевна

150. Ирина Соловьёва Анатольевна

151. Эльзира Солтабаева Әуесханқызы

152. Русана Сулаймонова Русланқызы

153. Аят Сүгіpбай Исатайұлы

154. Жұлдыз Сүлейменова Досбергенқызы

155. Айсұлу Сүлейменова Қанатқызы

156. Тәттігүл Талаева Жақсыбайқызы

157. Нұргүл Талғатбекова Ахатқызы

158. Әбілхайыр Тамабек Ғалымұлы

159. Мұхамедқали Тауан

160. Айжан Темербаева Маратқызы

161. Ирина Тен Сергеевна

162. Нұрбақыт Теңізбаев Молдахметұлы

163. Илья Теренченко Сергеевич

164. Тұрарбек Тілемісов Тілемісұлы

165. Гүлнар Тойлыбаева Қожағұлқызы

166. Армангүл Тоқтамұрат

167. Ерлан Тоқшылық Бейсенұлы

168. Нұрлан Толыбаев Әлішерұлы

169. Асылжан Төлегенов Қанатұлы

170. Қаныш Төлеушин Аманбайұлы

171. Қалия Төренова Батталқызы

172. Руфина Усанова Касымовна

173. Анар Фазылжан Мұратқызы

174. Әсел Хаирова Әнуарқызы

175. Мұса Хайруллиев Қарашаұлы

176. Арман Хайруллин Ғабидоллаұлы

177. Еділ Хамза

178. Имамзада Шағыртаев Қуанышбайұлы

179. Айгүл Шалбаева Дүйсенқызы

180. Үнзила Шапақ

181. Никита Шаталов Сергеевич

182. Мейрамбек Шермағамбет

183. Марат Шибұтов Мақсұмұлы

184. Ләззат Шыңғысбаева Алтынбекқызы

185. Станислав Щербаков Александрович

186. Мамирхан Юлдашев Муталибович

Күн тәртібіндегі барлық мәселе қаралғаннан кейін делегаттар кезектен тыс III съездің Қаулысын қабылдап, күн тәртібінің әрбір тармағы бойынша қабылданған шешімдерді бекітті.