Аман Қонысбек (75 келіге дейін) өз жекпе-жегінде техникалық нокаутпен басым түсті.
U23 Азия чемпионаты: Қазақстаннан бес боксшы 1/2 финалға өтті
Фото: ҚР ҰОК
161
оқылды

Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санатында Азия чемпионаты өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгін, 10 шілдеде U23 санатында ширек финалдық жекпе-жектер өтті. Нәтижесінде бес отандасымыз жартылай финалға жолдама алды.

Аман Қонысбек (75 келіге дейін) өз жекпе-жегінде техникалық нокаутпен басым түсті.

Бексұлтан Боранбек (55 келіге дейін), Нұрасыл Төлебек (60 келіге дейін), Нұрбек Мұрсал (70 келіге дейін), Темірлан Мұқатаев (85 келіге дейін) төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. 

ҚР ҰОК мәліметінше, Нұрзат Оңғаров (50 келіге дейін), Асылхан Көшербай (65 келіге дейін) жарысты ширек финалдан аяқтады.

Айта кетейік, жартылай финалдық жекпе-жектер 12 шілдеде өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.