Әнші Меруерт Түсіпбаева бала кезінде суға кетіп, аман қалғанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Айтуынша, ол 13 жасында көлге батып, тұншығып қалған. Сол қорқыныш бүгінге дейін мазалағанын жасырмады. Алайда алдына мақсат қойып, қорқынышын жеңгенін қуана жеткізді.
«13 жасымда көлге батып, судың астындағы шөптердің арасында жатып, сасық суды әбден жұтып, тұншығып жатқанда "О, Құдай! Мені неге сонша ерте әкетіп барасың? Сонда менің әнші боламын деген арманым қайда?" деген ой келді. 40 жыл өткенде алдыма мақсат қойып, қорқынышымды жеңдім. Бұл төртінші сабақ», – деп жазды әнші.
Әнші әлеуметтік желідегі оқырмандарынан қандай қорқынышы бар екенін сұрады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
