Қытайдың Ордос қаласында жеңіл атлетикадан жастар арасында Азия чемпионаты жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бүгін, 10 шілдеде Мария Шувалова 400 метрге жүгіруде 53,05 секунд уақыт нәтижесімен үшінші орын алып, ақтық сынға өтті.
ҚР ҰОК мәліметінше, сондай-ақ дәл осы дисциплинада Анна Шумило 54,60 секунд уақыт көрсеткішімен жетінші орынға тұрақтап, финалға жолдама алды.
Айта кетейік, бұл дисциплина бойынша финалдық кезең 11 шілдеде өтеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
