Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Америка көшбасшысы Дональд Трампты АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығымен құттықтап, тарих үшін қас-қағым сәт саналатын үш ұрпақтың ғұмырына барабар кезеңде бұл елдің қуатты жаһандық державаға айналғанына назар аударды.
Мемлекет басшысы Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті
202
оқылды

 Президент АҚШ әкімшілігінің ақыл-парасатқа арқа сүйе­ген ішкі саяси бағдары елімізде іске асырылып жатқан «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде Әділетті Қазақстан құру стратегиясымен үндесетінін, сондықтан Дональд Трамп жүргізіп отырған саясатты қолдайтынын айтты.

Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты экономикалық ын­тымақтастық және саяси ықпалдастық мәселелері жө­нінде пікір алмасты. 

Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр қараша айында Вашингтонға жасаған сапары барысында қол жеткізілген маңызды келісімдер жоғары қарқынмен жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстанның ядролық қаруды және байытылған уранды таратпауға қатысты ұстанымынан айнымайтынын растады. Сондай-ақ халықаралық бақылау режимін нығайту мақсатында МАГАТЭ-мен арадағы ынтымақтастықтың маңызына тоқталды.

Бұдан бөлек, жақында Ақордада сенатор Стив Дэйнспен, АҚШ Президентінің арнаулы өкілі Серджио Гормен және Ақ үйдің басқа да жоғары лауазымды тұлғаларымен, амери­ка­лық іскерлік топ өкілдерімен болған кездесулер мен ке­ліс­сөздерге оң баға берілді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты өзіне қолайлы уа­қытта Қазақстанға сапармен келуге шақырды.