Әлемдік климаттың өзгеруі, энергия ресурстарына деген сұраныстың артуы және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бүгінде барлық мемлекеттің даму күн тәртібіндегі негізгі басымдықтардың біріне айналды. Қазақстан да бұл үдеріске белсенді қатысып, көміртегі бейтараптығына қол жеткізу, энергия тиімділігін арттыру және жаңартылатын энергия көздерін дамыту бағытында жүйелі саясат жүргізіп келеді.
Шаһар тәжірибесі тиімді үлгіге айналды
101
оқылды

Осы стратегиялық ба­ғыт­ты жүзеге асыруда Шымкент қаласы ерекше белсенділік танытып отыр. Қалада кейінгі жылдары тұр­ғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лықта, өндірісте, білім беру мен денсаулық сақтау салалар­ында энергияны тиімді пайда­лану мәдениетін қалып­тастыруға бағытталған жоба­лар кезең-кезеңімен іске асырылуда. Әсіре­­се әлеу­меттік маңызы бар нысан­дарда күн энергетикасын пайдалану тәжірибесі кеңейіп келеді.

Осындай тиімді жобалар­дың бірі – Шымкент қаласын­дағы Victoria оңалту орталығы. Меди­циналық мекеме бүгінде тек заманауи оңалту қызметін көрсе­т­іп қана қоймай, жасыл техноло­гияларды енгізудің нақ­ты үлгі­сіне айналған. Ор­та­лықтың ша­тырына орнатыл­ған күн электр станcасы ны­сан­ның электр энер­гиясына деген қажеттілігінің едәуір бөлігін қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде коммуналдық шы­ғын­дарды азайтып қана қой­май, энергиямен жабдық­тау тұр­ақ­тылығын күшейтіп, эколо­гиялық жауапкершілікті артты­руға мүмкіндік береді.

Орталықтың тәжірибесі ха­лық­аралық деңгейде де қызығу­шылық тудырып отыр. Осы мақ­сатта Шымкентке Қыр­ғыз Республикасы Энер­гетика мин­ис­трлігі, Тәжікстан Респуб­ли­ка­сы Энергетика және су ресурс­тары министр­лігі, Қырғыз­стан­ның Ұлттық электр желісі, энергия тара­тушы компаниялар мен кли­мат­тық қаржыландыру ұйым­дарының өкілдері арнайы келіп, әлеуметтік нысандар­дағы жаңартылатын энергия көздерін пайдалану тәжіри­бесімен жан-жақты танысты.

Шетелдік мамандар үшін ең алдымен медициналық меке­­менің үздіксіз жұмысын қамта­масыз ететін инженерлік шешім­дер ерекше қызығу­шы­лық ту­ғыз­ды. Себебі орталықта ин­сульт алған, ауыр жарақат­тан кейін оңалтудан өтіп жат­қан жүз­­деген пациент тәулік бойы ем қабылдайды. Мұндай жағдайда электр энергия­сы­ның тұрақты берілуі – меди­циналық көмектің сапасына тікелей әсер ететін маңызды фактор.

Жобаны жүзеге асыр­ған Senergy Electric компания­сы­ның директоры Ерғали Шол­ан­баев­тың ай­туын­ша, қазір Шымкентте электр энер­гия­сына деген сұра­ныс жылдан-жылға артып келеді. Қаланың аумағы кеңе­йіп, жаңа шағын аудандар, әлеу­меттік нысан­дар мен өн­діріс­тік кәсіп­орындар көбей­ген сайын энер­­ге­ти­калық ин­фра­құры­лымға түсетін жүкте­ме де ұлғая түсу­де. Сондық­тан күн энергетика­сы, әсіресе еліміз­дің күн сәу­лесі мол оң­түстік өңірлері үшін ең тиім­ді әрі ұзақмерзімді шешім­дердің бірі.

Мамандардың айтуынша, кейінгі жылдары күн панель­дері­нің тиімділігі айтарлықтай жақ­сарған. Заманауи жабдық­тар бұрын­ғыдан әлдеқайда жоғары өнімділікке ие. Бұл инвести­цияның өзін бірнеше жылдың ішінде ақтауына мүмкіндік бе­реді. Сонымен қатар күн электр­ стансалары көмірқышқыл газы­ның бөлі­нуін азайтып, қоршаған ортаға түсетін экологиялық жүк­те­мені төмендетуге ықпал етеді.

Халықаралық делегация өкіл­дері де Шымкент тәжіри­бесіне жоғары баға берді. Қырғыз Республикасы Ми­нистрлер ка­бинеті жанындағы Климаттық қаржыландыру орталығының өкілі Эрмек Тұрсыналиевтің айтуынша, Қырғызстанда да әлеу­меттік нысандарға күн эл­ектр станса­ларын орнату бағыт­ындағы жұмыстар қолға алын­ғаны­мен, мұндай жобалардың саны әзірге шектеулі. Сондықтан Шымкенттегі тәжірибе өңір ел­дері үшін тиімді үлгі ретінде қарастырылуда.

Victoria орталығының ер­ек­­шелігі мұнда тек күн энер­гиясы  емес, энергияны үнем­деудің басқа да заманауи тех­но­ло­гия­лары енгізілген. Медициналық директор Мұ­рат Тоқмырзаевтың айтуынша, орталықта күн және жел энер­гия­сымен қатар жылу айыр­масына негізделген инже­нер­лік шешімдер де пайда­­лан­ылады. Бұл ғимараттың энергия тиімділігін арттырып, па­циент­­тер үшін қолайлы ми­кро­климат қалыптастыруға мүмкіндік бер­еді.

Сонымен қатар мекемеде Еуро­па, Азия және ТМД елде­рінде шығарылған жоғары техно­логиялық медициналық жабдық­тар кеңінен қолда­нылады. Ро­бот­тандырылған оңалту құрыл­ғылары, физио­терапиялық кеш­ендер және цифрлық бақылау жүйелері науқастардың сауығу процесін жеделдетуге ықпал етеді.

Сарапшылардың пікірін­ше, Шымкентте жүзеге асыры­лып жат­қан мұндай жобалар Қазақ­станның тұрақты даму мақсат­тарына қол жеткізуге нақты үлес қосады. Әлеуметтік нысандарда жаңартылатын энер­гия көздерін пайдалану тә­жірибесі кеңейген сайын ком­муналдық шығындар азайып, бюджет қаражаты тиім­ді жұмсалады. Ең басты­сы, тұрғын­дарға көрсетілетін қызмет сапа­сы артып, эколо­гиялық таза әрі қауіпсіз орта қалыптасады.

Шымкенттің тәжіри­бесі жасыл эконо­ми­ка қағидаттары мен әлеу­меттік жауапкершіліктің өзара сабақтас екенін тағы бір мәр­те дәлелдеп отыр. Энергия тиім­ділігіне негізделген мұндай жобалар болашақтың талабы ғана емес, елдің орнықты дамуы­­на бағытталған нақты ин­вес­тиция. Сондықтан әлеу­меттік инфрақұрылымда жаңа­р­тылатын энергия көз­дерін кеңінен енгізу Қазақ­стан­ның энергетикалық қауіп­сіздігін нығайтып, өңір­лер­дің тұрақты дамуына серпін бере­тін маңызды бағыт болып қала береді.

Назгүл НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы