Ол Қырғызстан спортшысын бір мәрте нокдаунға да жіберді.
U19 Азия чемпионаты: Бибарыс Әшірбай қарсыласын нокдаунға жіберіп, жеңіске жетті
Фото: ҚБФ
150
оқылды

Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санатында Азия чемпионаты өтіп жатыр, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

U19 санаты бойынша 70 келіде фаворит саналатын Бибарыс Әшірбай ширек финалда Қырғызстан боксшысы Кутманби Муратовпен жұдырықтасты. 

Бокс федерациясы мәліметінше, отандасымыздың жылдамдығы қарсыласынан қарағанда әлдеқайда жоғары болып, жекпе-жек бойы өз үстемдігін құрды. Тіпті 2-раунда ол Қырғызстан спортшысын бір мәрте нокдаунға да жіберді. 

Қорытынды есеп: 5:0.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.