Өртті сөндіру жұмыстары тәулік бойы үздіксіз жүргізілді
Астанадағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өрт толық сөндірілді – ТЖМ
ТЖМ
191
оқылды

Астана қаласы Байқоңыр ауданында орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өрт толық сөндірілді.

Оқиға орнында іс-қимылды үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің басшылығымен жедел штаб құрылды.

Өртті сөндіру жұмыстары тәулік бойы үздіксіз жүргізілді. Өртті тиімді сөндіруді қамтамасыз ету үшін ТЖМ күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Сонымен қатар полигон аумағын инертті материалмен жабу бойынша инженерлік жұмыстар жүргізілді. Бұл мақсатта Астана қаласының әкімдігі инженерлік және құрылыс техникасының жұмысын қамтамасыз етті, ал топырақ жеткізу үздіксіз ұйымдастырылды. Жалпы полигонға шамамен 15 мың тонна инертті материал жеткізіліп, пайдаланылды. Бұл өрт ошақтарын оқшаулауға, полигон аумағын барынша жабуға және оттың қайта таралуына жол бермеуге мүмкіндік берді.

ТЖМ бөлімшелері мен Астана қаласы әкімдігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде 3 гектар аумақты қамтыған өрт толық сөндірілді, - деп жазылған ресми хабарламада