"Қазгидромет" мәліметінше, жаңбыр Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының солтүстігінде және Алматы облысының таулы аудандарында күтіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Сондай-ақ Ақмола облысының солтүстігінде, Қостанай облысының орталығында, Павлодар облысының солтүстік-батысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында және Жетісу облысының таулы аудандарында әлсіз жауын-шашын болуы мүмкін.
Желдің екпіні 15–20 м/с Қостанай облысының солтүстігі мен орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының шығысы мен солтүстік-шығысында, Ақмола облысының солтүстік-шығысында, Павлодар облысының солтүстігінде, Жетісу және Алматы облыстарының шекарасындағы Қапшағай су қоймасы ауданында, сондай-ақ Атырау облысының жекелеген аудандарында және Маңғыстау облысының батысы мен солтүстік-батысында күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында кей жерлерде Тұман болуы мүмкін.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
