Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санатында Азия чемпионаты жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
U19 санаты бойынша 70 келіде фаворит саналатын Бибарыс Әшірбай жартылай финалда Өзбекстан боксшысы Саидхужа Садиллахужаевтың осал тұсын тапты.
Жекпе-жекте аяқта шебер қимылдап және қарсыласының әр қимылын толық бақылауда ұстаған отандасымыз үш раунд бойы басымдық танытты.
Нәтижесінде ол төрешілердің бірауыз шешімімен басым түсті. Қорытынды есеп: 5:0.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
