Желі қолданушылары қойылымнан гөрі актерлердің образын талқыға салды.
Жұлдыз Әбдікәрімова мен Азамат Сатыбалдының суреті қызу талқыға түсті
Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial
277
оқылды

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында актер Азамат Сатыбалдымен бірге түскен суреттерін жариялады, - деп жазды Aikyn.kz.

Белгілі болғандай, олар «Сен және мен» драмасында басты рөлді сомдайды. Актриса спектакльдің мазмұнына тоқталды. 

«Бұл спектакль махаббат туралы ғана емес. Сезімді тұрмыс жеңген, бір кездері бір-бірін шексіз сүйген екі адамның уақыт емдей алмаған жараларының ізі жайлы...», - деді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Алайда желі қолданушылары қойылымнан гөрі актерлердің образын талқыға салды. Көрерменнің басым бөлігі Жұлдыз Әбдікәрімова мен Азамат Сатыбалдының сахнадағы образы үйлесімді шыққанын жарыса жазып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.