Оқиғаны куәгер видеоға түсіріп, тәртіп бұзушыға ескерту жасаған. Алайда ер адам оқиға орнынан кетуге әрекеттенген.
Астанада Ботаникалық бақта дәрет сындырған шетелдік 15 тәулікке қамалды
157
оқылды

Астанадағы Ботаникалық бақта қоғамдық орында дәрет сындырған 38 жастағы шетел азаматы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқиғаны куәгер видеоға түсіріп, тәртіп бұзушыға ескерту жасаған. Алайда ер адам оқиға орнынан кетуге әрекеттенген.

Астана қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, құқық бұзушы көп ұзамай ұсталып, оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Сот оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.

Полиция қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіп пен әдеп нормаларын бұзатын кез келген әрекет заң аясында жауапкершілікке әкелетінін еске салды.