Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова жол үстінде күтпеген жағдайға тап болғанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Әнші бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, сіңлісімен бірге жолда келе жатқанда көліктің дөңгелегі жарылып қалған.
«Сіңілім екеуміз келе жатыр едік, жолда көліктің дөңгелегі жарылды. Сұлтан деген Атыраудың жігіті дөңгелекті салып беремін деді. Жақсы адамдар бар ғой, жасы ұзақ болсын», – деді әнші.
Әншінің жазбасына желі қолданушылары алаңдаушылық білдіріп, жылы лебізін жаудырды.
Оқырмандар: «Бүйірден жаман кесіп алған екенсіздер. Құдай сақтапты!», «Жақсы адамдар көп болсын!», «Құдай сақтаған екен, аман болыңыздар!», «Адамның ниетіне қарай жақсылар кездеседі ғой» деген пікірлер қалдырып, Мақпал Жүнісоваға амандық тіледі.
