Оқиға туралы алғаш болып Threads әлеуметтік желісінде елорда тұрғыны жазған.
Астанада кәріз құбырынан жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды
176
оқылды

Астанада көпқабатты тұрғын үйдің кәріз жүйесінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқиға туралы алғаш болып Threads әлеуметтік желісінде елорда тұрғыны жазған. Оның айтуынша, қайғылы жағдай осы айда болған.

Желі қолданушысының сөзінше, қонақүйге келген әйелдердің бірі бөлмедегі дәретханада босанып, шала туған қыз сәбиді ортақ кәріз жүйесіне тастап кеткен болуы мүмкін. Бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Тұрғынның айтуынша, түнгі сағат үш шамасында көршісі хабарласып, кәріз құбырынан нәресте табылғанын және полиция қызметкерлеріне көмек көрсету үшін сыртқа шығуды сұраған. Оқиға орнына келген құқық қорғау органдары алдымен үй тұрғындарының қатысы бар-жоғын тексерген. Кейін көршілер оқиғаға қонақүйге келген адамдардың қатысы болуы мүмкін деген болжам айтқан.

Аталған жайтқа қатысты Астана қалалық полиция департаменті пікір білдірді. Ведомствоның мәліметінше, шақалақтың денесінің табылуына байланысты Алматы аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Қазір қылмыстық іс аясында қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп, сот сараптамалары тағайындалған. Полицияның хабарлауынша, тергеу барысында осы қылмыстық құқықбұзушылыққа қатысы бар тұлға анықталған.