14 шілдеде Астанада соңғы 34 жылдағы ең жоғары ауа температурасы тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Мекеме мәліметінше, елордада ауа температурасы +38,6°C-қа дейін көтеріліп, осы күнге қатысты бұрынғы рекорд жаңарған.
– Қазгидромет бақылау желісінің деректеріне сәйкес, 2026 жылғы 14 шілдеде Астанада 14 шілде күнгі ауа температурасының жаңа рекорды тіркелді. Ауаның ең жоғары температурасы +38,6°C-қа жетіп, 1992 жылы тіркелген +35,3°C көрсеткіштен 3,3 градусқа жоғары болды, – делінген кәсіпорынның ресми хабарламасында.
Осылайша, 1992 жылдан бері сақталып келген температуралық рекорд жаңарып, елордада 14 шілде күнгі ең жоғары көрсеткіш тіркелді.
