Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Көктайғақтан бес адам қаза тапты: Маңғыстауда жолды күтіп ұстамау ісі бойынша Қазақстандағы алғашқы үкім шықты
Фото: istockphoto.com
170
оқылды

Маңғыстау облысының Бейнеу аудандық соты бес адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасы (ЖКО) туралы қылмыстық іс бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Қайғылы оқиға 2026 жылғы 16 қаңтарда республикалық маңызы бар «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автожолында орын алды. Көктайғақтың кесірінен Yutong жолаушылар автобусы жолдан шығып кетіп, аударылған. 

Апат салдарынан бес адам қаза тауып, тағы 14 адам түрлі жарақаттар алды.   

Тергеп-тексеру амалдарын Бас көлік прокуратурасының арнайы прокурорлары жүргізді. Олар қайғылы оқиғаға автожолды қысқы кезеңде тиісінше күтіп ұстамау себеп болғанын анықтады. Тергеу жауапты тұлғалардың әрекетсіздігі мен ауыр салдар арасындағы тікелей себеп-салдарын дәлелдеді.   

Маңызды жайт: бұл — Қазақстанның құқық қолдану тәжірибесіндегі, автомобиль жолын қыста тиісінше күтіп ұстамау адамдардың өлімі үшін қылмыстық жауаптылыққа тартуға негіз болған бірінші қылмыстық іс.   

Бас прокуратура мәліметінше, сот үкімімен «КАЖСервис» ЖШС Маңғыстау облыстық филиалының №57 жол пайдалану бөлімшесінің (ЖПБ-57) бастығы ҚР ҚК-нің 353-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оған 2 жыл6 ай мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.  

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.