Қостанайда екі күн бұрын жоғалып кеткен жасөспірімнің мәйіті өзеннен табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
2008 жылы туған жасөспірім 14 шілде күні Назарбаев көшесіндегі үйінен шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған. Осыған байланысты оның жақындары полицияға хабарласып, іздеу жұмыстары басталған.
Жедел іздестіру шаралары барысында жасөспірімнің денесі Орталық көпір маңындағы өзеннен табылды.
Қостанай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.
Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
