Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Президент Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновті қызметінен босатты
176
оқылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымынан босатылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Серік Жамбылұлы Шәпкенов 1979 жылы 29 шілдеде Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылында дүниеге келген.

Білімі: 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін жоғарғы кәсіби білімді экономист-математик мамандығы бойынша тәмамдаған. 

2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастаған.

2001-2002 жылдары Батыс Қазақстан қоршаған ортаны қорғау қорының жетекші маманы, Батыс Қазақстан табиғатты пайдалану дирекциясының жетекші маманы;

2002-2006 жылдары Батыс Қазақстан облыстық Қаржы басқармасының жетекші, бас маманы;

2006-2007 жылдары Батыс Қазақстан облыстық Ауыл шаруашылығы департаменті әкімшілік бөлімінің бастығы, директордың орынбасары;

2007-2009 жылдары Батыс Қазақстан облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарған.

2009-2012 жылдары Батыс Қазақстан облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы болған.

2012 жылғы қаңтардан 2012 жылғы тамызға дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

2012 жылғы тамыздан 2015 жылғы қаңтарға дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары;

2015 жылғы қаңтардан 2016 жылғы шілдеге дейін Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған.

2016 жылдан 2018 жылғы 28 маусымға дейін Атырау қаласының әкімі лауазымын атқарды.

2018 жылдан  Атырау облысы әкімінің орынбасары;

2020 жылдан  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары;

2021-2022 жылдары  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;

2022 жылдың 7 сәуірден бастап Атырау облысының әкімі болып тағайындалды.