Актриса 56 жылдан кейін камзолды қолына алғанына ризашылық білдірді.
Қыз Жібектің камзолы музейге тапсырылатын болды (видео)
Коллаж: Aikyn.kz
200
оқылды

Халық әртісі, актриса Меруерт Өтекешова Қыз Жібектің рөлін сомдағанда киген камзолын Астанадағы музейге өткізетінін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Актриса 56 жылдан кейін камзолды қолына алғанына ризашылық білдірді. Сонымен қатар оны өзіне табыстаған Баян Алагөзоваға алғыс айтты.

«Бүгін жүрегім ризашылыққа толы… Арада қаншама жылдар өткен соң, «Қыз Жібек» фильмінде киген камзолым қайтадан өз қолыма тиді. Бір кезде ол мен сомдаған кейіпкердің ажырамас бөлшегі болса, бүгінде мен үшін өткен күндердің қымбат естелігіне айналды. Оны қолыма алған сәтте түсірілім алаңындағы ұмытылмас күндер, бірге еңбек еткен ардақты жандар көз алдыма келді. Осы камзолмен қаншама естелік, қаншама ыстық сезім байланысты… Осындай баға жетпес сый жасаған Баян Мақсатқызына шын жүректен алғысымды білдіремін. Бұл мен үшін жай ғана сахналық киім емес, қазақ киносы тарихының және өз өмірімнің бір бөлшегі. Баян Мақсатқызы, өнерге деген зор құрметіңіз және жүрегімде мәңгі сақталатын өткен күндермен қайта қауышуыма мүмкіндік бергеніңіз үшін сізге шын жүректен алғыс айтамын», - деді Меруерт Өтекешова.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM   арнасынан табасыз.