Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Респуб­ли­касының Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді.
Саяси диалог жанданған кезең
114
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жа­санды интеллект конференция­сына қатысуға шақырғаны үшін Төраға Си Цзиньпинге алғыс айтып, осы іс-шараның Шығыстың інжу-маржаны – Шанхай қала­сында ұйымдастырылуы символ­дық мәнге ие екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасын Қытай Коммунистік партиясының құрылғанына 105 жыл толуымен құттықтады.

– Қытайдың халықаралық қауым­дастық алдындағы беделі зор және оның жетістіктерін бүкіл әлем мойындайды. Қазір еліңізде жүзеге асырылып жатқан ауқым­ды өзгерістерді бәріміз үлкен қы­зығушылықпен қараймыз. Бұл, ең алдымен, Сіздің көреген басшы­лы­ғыңыз бен қажырлы еңбе­гіңіз­дің арқасы деп санаймын. Өзіңізді халқын алға бастап келе жатқан тегеурінді көшбасшы және жаһан­дық деңгейдегі парасатты саясаткер ретінде ерекше құрметтеймін. Сіз көтерген игі бастамаларды қол­дауға әрқашан дайынбыз. Қазақстан Қытаймен мәңгілік әрі стратегиялық серіктестікті жан-жақ­ты нығайта беруге қашанда мүд­делі. Кейінгі жылдары мем­ле­кет­теріміз арасындағы саяси диалог айтарлықтай жандана түсті, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, тараптар сауда-экономикалық салада мол табысқа қол жеткізді. Қытай – Қазақстанның ірі сауда се­ріктесі. Осы уақытқа дейін ҚХР елі­міздің экономикасына 30 миллиард доллар инвестиция салды. Был­тыр екіжақты сауда-саттық кө­лемі 49 миллиард долларға жет­ті. Қазір Қазақстанда 8,5 мыңнан аса Қытай компаниясы жемісті жұмыс істеп жатыр. Өнеркәсіп, энер­гетика, газ-химия, машина жа­сау және ауыл шаруашылығы се­кілді экономиканың түрлі сек­то­рында бірлескен ірі жобалар жү­зеге асырылуда.

Қасым-Жомарт Тоқаев мә­де­ни-гуманитарлық байланыс жыл­дан-жылға нығайып келе жат­қа­ны­на тоқталды.

– Былтыр Қазақстанға 1 мил­лион­нан астам Қытай азаматы сапарлап келді. Екі ел астаналарын­да мәдени орталықтар ашылды. Елімізде Лу Бань шеберханалары табысты жұмыс істеуде. Бұл – қос халықтың арасында қалыптасқан дос­тық пен өзара сенімнің тағы бір айғағы, – деді Президент.

Мемлекет басшысы халық­аралық аренадағы ықпалдас­тық­тың жоғары деңгейіне назар аударды. Екі мемлекеттің жаһандық орнықты даму және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне қатыс­ты ұстанымдары – ортақ.

Атап айтқанда, Біріккен Ұлт­тар Ұйымы, Шанхай ынтымақ­тас­тық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қи­мыл және сенім шаралары жөнін­дегі кеңес, «Орталық Азия – Қы­тай» форматы аясында тиімді бай­ланыстар орнаған.

Өз кезегінде ҚХР Төрағасы Қа­зақстан Президентіне ілтипат білдіріп, екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылауға орай­­­лы мүмкіндік туып отырға­ны­на назар аударды.

– Бірлескен күш-жігердің ар­қа­сында Қытай мен Қазақстанның мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестігі жоғары деңгейге жет­ті. Өзара ықпалдастықты дамыту­дың әлеуеті өте зор. Қазақстан Пре­­зиденті Қытаймен достық сая­­­­сат жүргізіп отыр. Бұл халық­та­­ры­мыздың мүддесіне сай келеді, – деді Си Цзиньпин.

Сонымен қатар ҚХР Төрағасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев­тың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды өзгерістерге жоғары баға беріп, жаңа Конс­т­и­туцияның қабылдануымен құт­тық­тады және алдағы Құрылтай сайлауына сәттілік тіледі.

Мемлекеттер басшыларының кез­десуі аяқталған соң Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі ара­сындағы 2027-2030 жылдарға ар­нал­ған сауда-экономикалық ын­ты­мақтастық бағдарламасына жә­не жол картасына қол қойылды.