Ватерполшылардың алғашқы қарсыласы Гонконг құрамасы болды.
Қазақстан құрамасы су добынан Азия чемпионатын жеңіспен бастады
Фото: ҚР ҰОК
158
оқылды

Су добынан Қазақстанның ерлер құрамасы (U19) Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатын ірі жеңіспен бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ватерполшылардың алғашқы қарсыласы Гонконг құрамасы болды. Кездесудің барлық төрт кезеңінде отандастарымыз айқын басымдық танытып, ойынды толық бақылауда ұстады. 

Қорытынды есеп – 23:3. 

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәліметінше, ертең Қазақстан құрамасы Шри-Ланкамен кездеседі. Жалпы, жарысқа құрлықтың 12 командасы қатысып, олар екі топқа бөлінген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.