Мемлекет басшысы Таиланд Премьер-министрімен кездесу өткізді.
Экономикалық серіктестікке серпін
122
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайдағы жұмыс са­пары аясында Таиланд Пре­мьер-министрі Анутин Чарнвиракулмен кездесті.

Мемлекет басшысы Қа­зақ­стан Таиландты Азиядағы бас­ты серіктестердің бірі ретінде қарастыратынын атап өтті.

Президент екі елдің эконо­ми­калық ықпалдастығының ке­лешегін жоғары бағалады. Биыл төрт айда тауар айналымы былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 76 пайызға ұл­ғайып, 110 миллион доллардан асқан. Қасым-Жомарт Тоқаев­тың пікірінше, аталған көр­сет­кіш­ті әлі де арттыра түсуге бо­ла­ды. Әсіресе сауда-саттық кө­­лемін аграрлық өнімдерді жет­кізу есебінен ұлғайтуға мол мүмкіндік бар.

Мемлекет басшысы кәсіп­кер­лерге қолайлы жағдай жасау мақ­сатында екі ел үкіметтері ара­сындағы байланысты жандандыруды ұсынды.

Ынтымақтастықты жандандыратын саланың бірі – туризм. Таиланд Қазақстан азаматтары үшін ең танымал бағыттардың қатарына кіреді. Өткен жылдың өзінде бұл елге 150 мыңнан аса отандасымыз барған. Қазақстан да Таиланд азаматтарына де­ма­лыстың бірегей мүмкіндіктерін, соның ішінде қысқы туризм қыз­метін ұсына алады.

Анутин Чарнвиракул елінің өзара мүддеге сай көптеген мә­се­ле бойынша ықпалдастық­ты арттыруға ниетті екенін мәлім­деді.

Оның айтуынша, Бангкок эко­номика, сауда, цифрландыру және туризм салаларындағы әріптестікке тың серпін беру қажет деп санайды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Анутин Чарнвиракулды Қазақстанға ресми сапармен ке­луге шақырды.