2026 жылғы 18 шілдеде Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Синоптиктердің болжамынша, Қызылорда, Атырау, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Абай, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірлерде бұршақ, шаңды дауыл соғып, желдің екпіні 15–20 м/с, кей жерлерде 23–28 м/с-қа дейін жетеді.
Сонымен қатар елдің басым бөлігінде аптап ыстық сақталады. Астана, Қарағанды, Ұлытау, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында ауа температурасы 35–45 градусқа дейін көтеріледі. Ең жоғары температура Жетісу мен Алматы облыстарында – 45 градусқа дейін жетуі мүмкін.
Көптеген өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Мамандар тұрғындарды ауа райының қолайсыздығына байланысты сақтық шараларын сақтап, алыс жолға шыққанда және табиғат аясында демалғанда барынша абай болуға шақырады.
