Түркияның Анталия провинциясына қарасты Финике ауданында орман өрті тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz
TRThaber порталының мәліметінше, өрт Ақшалан елді мекенінің орманды аумағында шыққан. Әзірге тілсіз жаудың неден тұтанғаны белгісіз.
Оқиға орнына Анталия орман шаруашылығы басқармасының қызметкерлері мен өрт сөндіру бригадалары жіберілді. Мамандар жалынмен жерден де, әуеден де күресті.
Өртті сөндіруге алты арнайы техника, екі су таситын көлік және екі тікұшақ жұмылдырылды. Жедел әрекеттің нәтижесінде орман өрті бақылауға алынды.
