Қазақстан Премьер-лигасының 18-туры аясында алматылық «Қайрат» сырт алаңда «Атырауды» 3:1 есебімен жеңді. Кездесу Түркістандағы «Түркістан Арена» стадионында өтті.
Матчтың алғашқы таймында чемпион үш гол соғып, ойын тағдырын ерте шешті. Алдымен алаң иелерінің қорғаушысы Франьо Прце өз қақпасына гол соқты. Артынша Эдмилсон екі мәрте мергендік танытып, дубль авторы атанды. Екінші таймда «Атырау» Девенстің голы арқылы есеп айырмасын қысқартқанымен, матч 3:1 есебімен «Қайраттың» пайдасына аяқталды.
Осы жеңістен кейін алматылық клуб 42 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді. «Қайрат» енді бұған дейін көш бастап тұрған шымкенттік «Ордабасыдан» екі ұпайға алда келеді. Ал «Атырау» 18 ұпаймен турнир кестесінің орта тұсында қалды.
