Кездесудің басты қаһарманы Букайо Сака болды.
Букайо Сака хет-трик жасады: Англия Францияны ұтып, әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді
286
оқылды

 Англия шабуылшысы хет-трик жасап, командасының жеңісіне шешуші үлес қосты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Сондай-ақ Деклан Райс, Эзри Конса және Джуд Беллингем де мергендігімен көзге түсті.

Франция құрамасы сапында Килиан Мбаппе дубль авторы атанғанымен, оның нәтижелі ойыны команданы жеңілістен арашалай алмады.

Осылайша, Томас Тухель баптайтын Англия құрамасы әлем чемпионатын қола жүлдемен аяқтап, халықаралық аренадағы кезекті маңызды жетістігіне қол жеткізді.

Ал әлем чемпионы 19 шілдеде өтетін финалда анықталады. Бас жүлде үшін Испания мен Аргентина құрамалары бақ сынайды.