Алғашқы соққы Тамбов облысының Котовск қаласындағы қоймаға жасалған.
Украина дрондары Wildberries қоймаларына соққы жасады
355
оқылды

Украина дрондары Ресейдегі Wildberries маркетплейсінің екі ірі логистикалық орталығына шабуыл жасап, салдарынан сегіз адам қаза тауып, 50-ге жуық адам зардап шекті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Алғашқы соққы Тамбов облысының Котовск қаласындағы қоймаға жасалған. Сол кезде түнгі ауысымда жұмыс істеген жеті қызметкер қаза тауып, тағы 25 адам жараланған. Зардап шеккендердің бірінің жағдайы ауыр.

Кейін Мәскеу облысының Электросталь қаласындағы логистикалық орталыққа да дрон шабуылы жасалып, 24 адам жарақат алды. Кейін олардың біреуі ауруханада көз жұмды.

Украина президенті Владимир Зеленский бұл операцияны растап, шабуыл жасалған нысандар арқылы Ресейдің әскери өндірісіне қажет санкциялық бөлшектер жеткізілгенін мәлімдеді.

Wildberries компаниясының негізін қалаушы Татьяна Ким қаза болғандардың жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендерге өтемақы төленетінін хабарлады. Компания сондай-ақ қоймалардағы тауарлар уақытша сатылымнан алынып, логистикалық бағыттардың басқа орталықтарға ауыстырылып жатқанын мәлімдеді.

Ал Ресейдің Тергеу комитеті аталған оқиға бойынша «террористік акт» бабы негізінде қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.