«Қазгидромет» РМК 19 шілдеге арналған ауа сапасы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Синоптиктердің мәліметінше, Алматы мен Балқаш қалаларында, сондай-ақ түнгі уақытта Өскемен, Семей және Риддер қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Мамандардың түсіндіруінше, мұндай жағдайлар тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия салдарынан атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына әкеледі. Соның нәтижесінде елді мекендердегі ауа сапасы уақытша нашарлауы мүмкін.
