Желі қолданушылары өнер иесіне тезірек сауығып кетуін тілеп, ақ тілектерін жолдады.
«Сенерім де, сүйенерім де бір Алла!»: Нұрғали Нүсіпжанов денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады
3,279
оқылды

Қазақстанның танымал әншісі Нұрғали Нүсіпжанов денсаулығына байланысты оңалту емін алып жүргенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Әнші бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, қазіргі таңда бар үміті мен сенімі Аллаға екенін жеткізді.

«Реабилитация... Сенерім де, сүйенерім де бір Алла. Әрбір күнім үшін, әрбір сәтім үшін Аллаға шүкір етемін. Менің түсінігімде аман-сау жүрген әр күнің – бақыт. Артыма қарап шүкір етемін, алдыма қарап Аллаға сенім артамын. Азға – қанағат, барға – тәубе, жоққа – сабыр», – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары өнер иесіне тезірек сауығып кетуін тілеп, ақ тілектерін жолдады.