Салық берешегінің жалпы көлемі 1 триллион теңгеден асты.
Қазақстанда 52 мыңнан астам салық берешегі бар кәсіпкердің тізімі жарияланды
374
оқылды

Мемлекеттік кіріс комитеті 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша салық және кеден берешегі бар салық төлеушілердің тізімін жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Комитет мәліметінше, тізімге 52 654 субъект енгізілген. Олардың қатарында жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын тұлғалар, заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлімшелері бар. Бұл субъектілердің салық берешегі заңда белгіленген шектен асып, төрт айдан астам уақыт бойы өтелмеген.

Салық берешегінің жалпы көлемі 1 триллион теңгеден асты.

Сонымен қатар Мемлекеттік кіріс комитеті кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждары, сондай-ақ айыппұлдар мен өсімпұлдар бойынша берешегі бар 1488 салық төлеушінің тізімін де жариялады.

Олардың кедендік төлемдер мен айыппұлдар бойынша жалпы қарызы 113 миллиард теңгеден асады.