Жарыс Венгрияда өтті
Демеу Жадыраев атақты Қырғызстан балуанын айқын жеңгенімен, жүлдесіз қалды
2,265
оқылды

Қазақстандық грек-рим күресінің шебері Демеу Жадыраев Венгрияда өтіп жатқан турнирдің 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі алғашқы айналымында Қырғызстан өкілі Ақжол Махмудовты мерзімінен бұрын жеңді. Белдесуде алғашқы болып партерге түсу мүмкіндігі Махмудовқа берілгенімен, Жадыраев сәтті пайдаланып, қарсыласын жауырынымен кілемге басты.

Алайда қазақстандық балуан 1/8 финалда Түркия спортшысы Бурхан Ақбудаққа 6:7 есебімен есе жіберді. Кейін түркиялық балуан ширек финалда жеңіліс тапқандықтан, Демеу Жадыраев жұбаныш белдесулеріне қатысу мүмкіндігінен айырылып, турнирді жүлдесіз аяқтады.