Бүгінгі ауа райы болжамы.
Өңірлерде жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі
Фото: iStock
313
оқылды

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында жауын-шашынсыз, ыстық әрі құрғақ ауа райы сақталады.
Астанада – күн ала бұлтты, жаңбыр, найзағай, бұршақ. Ауа температурасы: түнде +16…+18 °C, күндіз +29…+31 °C.
Алматыда – күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы: түнде +27…+29 °C, күндіз +40…+42 °C.
Шымкентте – күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы: түнде +27…+29 °C, күндіз +40…+42 °C.

 «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер:

Астана қ.: 20 шілдеде күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні  –15-20 м/с. 

Алматы қ.: 20 шілдеде күндіз 40-42 градус өте қатты ыстық күтіледі. 

Шымкент қ.: 20 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. 

20 шілдеде күндіз Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық 30–37 градус күтіледі. Облыстардың басым бөлігінде қатты және өте қатты ыстық болжамына байланысты жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.

20 шілдеде Алматы облысында күндіз 40-45 градус өте қатты ыстық күтіледі. 

20 шілдеде Жетісу облысында күндіз 40-45 градус өте қатты ыстық күтіледі.

20 шілдеде Жамбыл облысында күндіз 43-45 градус өте қатты ыстық күтіледі. 

20-21 шілдеде Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде күндіз 41 градус өте қатты ыстық күтіледі. 

20-21 шілдеде күндіз Шығыс Қазақстан облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. 

20-21 шілдеде облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 

20-21 шілдеде күндіз Абай облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. 

20-21 шілдеде облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

20 шілдеде күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. 

20 шілдеде облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

20 шілдеде күндіз Алматы облысының шығысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 

20 шілдеде Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

20 шілдеде облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

20 шілдеде күндіз Павлодар облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

20 шілдеде Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

20 шілдеде түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Жоғары өрт қаупі сақталады. 

20 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

20 шілдеде түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың қиыр оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

20 шілдеде Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында, орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ, түнде облыстың орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35-40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. 

20 шілдеде түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, облыстың батысында қатты жаңбыр күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

20 шілдеде түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

20 шілдеде түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. 

20 шілдеде күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында,  оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

20 шілдеде түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде15-20, екпіні 25 м/с. 

20 шілдеде түнде  Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с.

20 шілдеде Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 35 градус, облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

20 шілдеде Ұлытау облысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. 

20 шілдеде күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 40-44 градус қатты ыстық күтіледі. 20 шілдеде облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. 

20 шілдеде күндіз Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.