Біріншісі – Сібе көлдері. Мөлдір сулы, гранитті жартастармен қоршалған бес көлден тұратын табиғи кешен. Олардың атаулары: Садыркөл, Төртқара көлі, Шалқар көлі, Қоржынкөл, Қаракөл. Ең үлкен көл – Шалқар, ең кішісі – Қаракөл.
Сібе көлінің атауының түп-төркіні «себын» деген қалмақтың «себын» деген сөзінен шыққан деседі, оның «Сабынды көл» дегенді білдіреді. Көлдің суы мөлдір, айналадағы тау мен тас уақыт пен желден әбден мүжіліп, қалжырағандай. Суға шомылып қана қоймай, дайвинг, сапбординг кемпинг, балық аулауға да болады. Бұл көл Өскемен қаласынан 75 шақырым жерде Ұлан ауданында орналасқан.
Екіншісі – Марқакөл көлі мен Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы. Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының дәл жүрегінде, теңіз деңгейінен 1 500 метр биіктікте орналасқан суы мөлдір, биік таулы көлді көпшіліктің білмеуі мүмкін емес. Суға түсіп, жағажайда демалып қана қоймай, жаяу серуендеп, құстарды бақылап, көрікті жерлерде фотоға түсуге болады. Сонымен қатар Оңтүстік Алтайдың бірегей ландшафтарына көз тігіп, жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысу мүмкін. Бұл мекенді Өскемен қаласынан 459 шақырым жерде, Марқакөл ауданы Ұрынқай ауылынан таба аласыз.
Үшіншісі – Өскемен қаласынан 451 шақырым жерде, Қатоңқарағай ауданында орналасқан Қаракөл көлі. Мұзтау тауына панорамалық көрініс ашылатын Қазақстандағы ең көркем биік таулы көлдің бірі. Жаяу жорықтар, фототурлар, балық аулау, табиғат аясында демалу. Алтайдың қол тимеген табиғаты, альпілік шалғындар, тау пейзаждарымен тамсануға болады.
Төртінші – Киін-керіші шатқалы. Түрлі-түсті сазды шатқалдармен танымал мекен Өскемен қаласынан 420 шақырым жерде, Күршім ауданында орналасқан. «Жанған жартастармен» атанған бірегей табиғат ескерткіші. Миллиондаған жылдар бойы жел мен судың әсерінен ерекше табиғат ландшафтар қалыптасқан. Жаяу серуендеу, фототурлар, жол талғамайтын көлікпен саяхат, табиғи ландшафтарды тамашалап, түрлі-түсті шатқалдар, ерекше жартас пішіндерін көре аласыз.
Бесінші – Қатонқарай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі. Бұл ЮНЕСКО-ның биосфералық резервтарының дүниежүзілік желісіне енген парктің бірі. Аумағы ерекше биоалуантүрлілігімен және қол тимеген табиғи ландшафтарымен ерекшеленеді. Нақты айтсақ, Мұзтау тауы, Көккөл сарқырамасы, Берел қорғандары, Рахман Қайнарлары, альпілік шалғындар және Алтайдың көркем аңғарларын көруге болады. Мұндай көрікті мекен Өскемен қаласынан 400 шақырым жерде Қатонқарағай ауданында орналасқан.
Алтыншы – Риддер қаласы мен Батыс алтай мемлекеттік табиғи қорығы. Еліміздегі басым бөлігі орманмен көмкерілген ең ірі табиғи қорықтың бірі. Бұл – Өскемен қаласынан 128 шақырым жерде Риддер қаласында орналасқан. Салқын климатты тайгада көптеген туристік маршруты да бар. Қорық аумағында «Шаңғыт», «Қара Ертіс» өзендері мен әйгілі «Тас үйлер», яғни қаз-қатар тізілген жартастарға дейін кездестіруге болады.
Жетінші – Өскемен қаласынан 100 шақырым жерде орналасқан Бұқтырма су қоймасы. Көптеген демалыс орындары мен жағажайларға толы. Қазақстандағы ең ірі су қомаларының бірі. Су қоймасының айналасы қайың, самырсын, балқарағай өскен Алтай тауының сілемдеріне толы. Оған қоса, жағажайда демалып, кетер мен яхталарда серуендеп, су аттракционында болып, балық аулауға да мүмкін.
