Мемлекет басшысының 2003 жылғы жарлығымен ресми түрде бекітілген мереке бүгінде дәстүрлі түрде шілденің үшінші жексенбісінде тойланып келеді. Биыл бұл мереке 19 шілдеге сәйкес келіп отыр.
Жалпы соңғы жылдары еліміздегі металлургия саласы қарқынды дамып жатыр. Мәселен, Қазақстанда металлургия саласы қара және түсті металлургияны, ферроқорытпа, асыл, сирек және сирек жер металдарын өндірумен шектелмейді. Бүгінде оларды терең өңдеу арқылы шығарылатын өнім өндірісін біріктірген. Соның арқасында бұл сала құрылыс, машина жасау, энергетика, көлік және қорғаныс-өнеркәсіп кешенін негізгі материалдармен қамтамасыз етіп, экономиканың тұрақты өсуі мен әртараптандырылуына берік негіз қалап отыр.
Өнеркәсіп министрлігінің дерегінше, 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемі 9,8 пайызға өсіп, 16,2 трлн теңгеге жетті. Осылайша бұл көрсеткіш тау-кен өндіру саласынан асып түсті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша да өңдеу өнеркәсібінің экономикадағы үлесі 13 пайызды құрп, оның үлесі 11,9 пайызға жеткен.
Металлургия саласы шикізаттық емес экспорттың елеулі бөлігін қамтамасыз етіп, өнеркәсіптік өңірлерде мыңдаған адамды жұмыспен қамтып отыр.
Оның үстіне елімізде болат, ферроқорытпа, мыс, алюминий, мырыш және өзге де өнім шығаратын 274 кәсіпорын жұмыс істейді. Негізгі өндіріс орындары Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстары мен Ұлытау облысында орналасқан.
Тек өткен жылдың өзінде металлургия кәсіпорындары 19 трлн теңгенің өнімін өндірген. Нәтижесінде өнеркәсіп өндірісінің индексі 1,2 пайызға, оның ішінде қара металлургияда 4,3 пайызға жеткен
Бүгінде бұл кешен кәсіпорындарында 200 мыңнан астам адам жұмыс істеп отыр.
