Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша, еліміздің туристік саласы тұрақты өсіп отыр. Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, мысалы, 2025 жылы қонақтардың қонақүйге тоқтауы 10 миллионнан асса, оның 8,7 миллионы – ішкі туристер. Елдегі сыртқы туризм де жаман емес. Бір жыл ішінде Қазақстанға 15,7 миллион шетел азаматы келген. Соның 11, 1 миллионы туристік мақсатта келген екен.
Осы саланың тұралап қалмай, елдегі туризм саласын одан әрі дамыту мақсатында Туризм және спорт министрлігі 2029 жылға дейінгі тұжырымдаманы жаңартты. Ондағы мақсат – өңірдегі туризді дамыту. 2026-2029 жылдарға арналған Жол картасы қосымшасы бойынша 119 іс-шара өткізу көзделген. Бірақ өңірдегі туризмге қатысты қандайда өткізілетін Туризм және спорт министрлігімен келісіледі.
Соның арқасында осы саладағы бірыңғай стандарттарды қалыптастырып, мемлекеттік саясаттың тиімді жүзеге асыруға көмектеседі. Оның үстіне, атқарылған жұмысты шынайы бағалау мақсатында туристік инфрақұрылымды дамыту бойынша ұлттық рейтингтік жүйе енгізіледі. Рейтингті қалыптастыру әдістемесін Туризм және спорт министрлігі әзірлейді.
Жаңартылған тұжырымдама ең алдымен әрбір адамның өз бетінше саяхаттауды дамытуға мүмкіндік береді. Мәселен, Tourism Village жобасы аясында ауылдық елді мекендердің туристік әлеуеті дамиды. Оның өзі жолсілтегіштер орнатудан басталады. Ал мектептерде өтетін «Жанды сабақтар» жобасы ел ішінде балалар мен жасөспірімдер туризмін дамытуға мүмкіндік береді.
