Мұнай бағасының өсуіне АҚШ пен Иран арасындағы Таяу Шығыстағы шиеленістің күшеюі себеп болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Сарапшылардың пікірінше, өзара шабуылдардың жиілеуі әлемдік мұнай тасымалының негізгі бағыты саналатын Ормуз бұғазы арқылы энергия ресурстарын жеткізуге қауіп төндіріп, нарықтағы алаңдаушылықты күшейтті. Соның нәтижесінде Brent маркалы мұнайдың бағасы қымбаттап, Астана уақыты бойынша сағат 11:00-дегі сауда барысында бір баррельдің құны 90,58 долларға жетті.
