АҚШ президенті Дональд Трамп ФИФА президенті Джанни Инфантиноның БҰҰ Бас хатшысы қызметіне тағайындалуын қолдайтынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл туралы New York Post басылымы жазды.
Басылымның мәліметінше, Трамп Инфантиноны халықаралық беделі жоғары, түрлі елдер мен халықтарды біріктіре алатын тұлға ретінде бағалайды. Екеуінің қарым-қатынасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатын ұйымдастыру барысында нығайған.
56 жастағы швейцариялық Джанни Инфантино ФИФА-ны 2016 жылдан бері басқарып келеді. Бұған дейін ол УЕФА-ның бас хатшысы қызметін атқарған.
Соңғы жылдары Инфантино саясаткерлермен тығыз байланысы үшін бірнеше рет сынға ұшырады. Сыншылар оның әрекеті футболға саяси ықпалдың күшеюіне себеп болды деп есептейді.
Әзірге Джанни Инфантиноның БҰҰ Бас хатшысы лауазымына үміткер болуға ниетті екені туралы ресми ақпарат жоқ.
