Әнші Ерке Есмахан жаңа альбомының жарыққа шығуына орай оқырмандарына 500 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық ұтысын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
«Көрмей, естімей қалған оқырмандарым болса, тағы айта өтейін. Екі күннен кейін жаңа альбомымның шығуына байланысты жарияланған 500 мың теңгелік сыйлықтың иесі анықталады. Бұл сыйлық сізге бұйыруы әбден мүмкін. Ол үшін кішкентай ғана тапсырманы орындау қажет», – деп жазды әнші.
Жазба соңында Ерке Есмахан жанкүйерлерінен жаңа әніне қолдау білдіріп, оған лүпіл (лайк) басуды сұрады.
