2026 жылдың басынан бері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан аумағына жалған немесе бөтен құжаттармен кіруге жасалған 200 заңсыз әрекеттің жолын кесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Шекара қызметінің дерегінше, құқық бұзушылардың бір бөлігі өзге адамдардың жеке деректері көрсетілген құжаттарды пайдаланған.
Мұндай заң бұзушылықтардың басым бөлігі мемлекеттік шекараның оңтүстік учаскелерінде және халықаралық әуежайларда анықталған.
ҰҚК жалған құжаттарды анықтау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетінін атап өтті. Былтыр шекарашылар осындай 661 құқық бұзушылықтың жолын кескен.
Ведомство шекарадан өту кезінде бөтен немесе жалған құжаттарды пайдалану жай ғана әкімшілік құқық бұзушылық емес, қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын ауыр заң бұзушылық екенін ескертті.
