Өнер иесі жалғыз ұлы мен келінін бөлек шығару туралы ойлап, көз жасына ерік беретінін жасырмады.
«Жылап қаламын...»: Жазира Байырбекова оқырмандарынан кеңес сұрады
152
оқылды

Әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желіде оқырмандарынан кеңес сұрады, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі жалғыз ұлы мен келінін бөлек шығару туралы ойлап, көз жасына ерік беретінін жасырмады. 

«Сепарация» сөзінің қазақша баламасы бар ма? Қазбегім мен Асекемді бөлек жіберейік дегенді өзім ойлап, өзімнің көңілім түсіп кетеді. Олардың ойында ондай нәрсе жоқ. Бір ғана ұл болған соң ба, қазақы отбасынан шыққан соң ба, көпшілікке үйренген соң ба, “шығарғанымыз дұрыс-ау” деп ойласам, өзім жылап қаламын. Осы жөнінде ойларыңыз қандай?»– деп жазды ол.

Желі қолданушылары әншінің жазбасын қызу талқылап, басым көпшілігі бірге тұруға кеңес берген.

«Үнемі гастрольде, тойларда жүресіздер. Айналдырған екі бала, бірге тұрған дұрыс қой.  Дараға да бас-көз болады», «Жалғыз баланы бөлек шығару үлкен  қателік болады. Келін ене тәрбиесін көру керек», – деп жазды оқырмандар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.