Қазақстан құрамасы Таллинде (Эстония) өтіп жатқан қозғалмалы нысанаға оқу атудан әлем чемпионатында жүлдеге ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Турнир аясында Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілі Валат Мусаев алтын медаль жеңіп алды.
Отандасымыз 10 метрден қозғалмалы нысанаға оқ атудан (аралас жаттығу) үздік нәтиже көрсетті.
ҚР ҰОК мәліметінше, Оңтүстік Корея өкілі Чэхён Бэ екінші орын алса, финляндиялық Уильям Эрик Вилькман үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, әлем чемпионаты 26 шілдеде аяқталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
