Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі,– деп хабарлайды Aikyn.kz.
Еліміздің солтүстігінде, шығысында, орталығында, сондай-ақ оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында кей жерлерде қатты жауын-шашын жауады. Республика бойынша желдің күшеюі, бұршақ, дауылды жел күтіледі. Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болуы мүмкін.
Астанада – құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде +13...+15 °C, күндіз +23...+25 °C.
Алматыда – құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +19...+21 °C, күндіз +29...+31 °C.
Шымкентте – құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +19...+21 °C, күндіз +30...+32 °C.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
