Оқиға орнында түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде кеңінен тарап жатыр.
Шу стансасында пойыз әйелді қағып кетті
183
оқылды

Әлеуметтік желілерде Жамбыл облысындағы Шу теміржол стансасында пойыздың әйелді қағып кеткен сәтінен кейін түсірілген видео тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Алдын ала мәлімет бойынша, әйел теміржол рельстерінен өтпек болған кезде пойыз астына түсіп, ауыр жарақат алған. Оқиға орнында түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде кеңінен тарап жатыр.

Аталған оқиғаға қатысты Көліктегі полиция департаменті түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, 20 шілде күні Шу стансасындағы желілік полиция бөлімінде теміржол көлігі қозғалысы немесе оны пайдалану қағидаларын бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелген.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Құқық қорғау органдары тергеу аяқталғаннан кейін қосымша ақпарат жарияланатынын мәлімдеді.