Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға қатысатын тағы 10 халықаралық байқаушыны аккредиттеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
«2026 жылғы 23шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіОрталық сайлау комиссиясына аккредиттеу үшін 5 шет мемлекет пен 1 халықаралықұйымнан 10 халықаралық байқаушының кандидатурасын ұсынды. Атап айтқанда,Молдова Республикасынан - 4 кандидатура, оның ішінде осы елдің Орталық сайлаукомиссиясының Төрағасы, Халықаралық парламентарийлер конгресінен (IPC) - 1кандидатура, Албания Республикасынан – 2 кандидатура, Кувейт Мемлекетінен - 1кандидатура, оның ішінде осы мемлекеттің Қазақстандағы Елшісі, сондай-ақАрмения Республикасы мен Палестина Мемлекетінен бір-бір кандидатура ұсынылды», - деп хабарлады Мұхтар Ерман.
Бүгінгі таңда Орталық сайлау комиссиясы шет мемлекеттермен халықаралық ұйымдардан келген 96 халықаралық байқаушыныаккредиттеді.
