Үгіт-насихат науқанының басталуына орай филиалдар сайлауалды штабтардың негізгі тірегіне айналды.
ҚХП сайлауалды науқанның белсенді кезеңіне өтті
157
оқылды

23 шілде – алдағы Құрылтай сайлауы алдындағы үгіт-насихат науқанының басталған күні. Осыған орай Қазақстан Халық партиясы өзінің ресми әнұранын таныстырды. Сонымен қатар елорда мен өңірлерде партиялық штабтарын ашып, плакаттар мен баннерлерді орналастыру жұмысын бастады.

Қазақстан Халық партиясы халықпен тұрақты кері байланыс орнатып келеді. Осы мақсатта партия сайлау кезеңінен әлдеқайда бұрын еліміздің әрбір облысында, ірі қалалары мен аудандарында филиалдар мен өкілдіктер желісін құрды. Онда қоғамдық қабылдау бөлмелері жұмыс істейді, азаматтарға кеңес беріледі, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, партиялық жобалар жүзеге асырылады.

Үгіт-насихат науқанының басталуына орай филиалдар сайлауалды штабтардың негізгі тірегіне айналды. Жалпы, Қазақстан Халық партиясы республика бойынша 155 сайлауалды штаб ашты. Оның ішінде 17 облыстық, 29 қалалық (оның ішінде Астана, Алматы және Шымкент қалалары) және 109 аудандық штаб бар.

– Бұл Қазақстан Халық партиясына өңірлердегі жұмысты тиімді ұйымдастырып, сайлаушылармен тікелей диалог жүргізуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті партия өкілдері.

Үгіт-насихат науқаны 22 тамызда, яғни «тыныштық күні» аяқталады.

Креативті бастама: ҚХП ресми әнұраны мен бейнебаянын таныстырды

Қазақстан Халық партиясы өзінің  «Халқыммен бірге» атты ресми әнұранын және оған түсірілген бейнебаянды таныстырды. ҚХП 23 шілдеден рұқсат берілген алдағы Құрылтай сайлауы алдындағы үгіт-насихат науқанын осылай бастады.

Мұндай формат кездейсоқ таңдалған жоқ.

– Бұл бастама ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше рет атап өткен креативті экономиканы дамыту бағытымен үндеседі, – деп атап өтті партия өкілдері.

Шығармашылық креатив партияның күнделікті қызметінің көрінісі іспетті. ҚХП-ның жаңа бейнебаянына партияның медиа тобы түсірген нақты бейнематериалдар – партиялық жобалар, іс-шаралар мен акциялардан алынған кадрлар енгізілген.

Әнұранның авторлары – ақын және композитор Ерқожа Тілепбердиев пен Әлібек Әлмәдиев. Аранжировкасын саунд-продюсер Ерлан Бекчурин жасаған. Әнді Әлібек Әлмәдиев пен Ардақ Балажанова орындады.

– Екі орындаушы да шығармашылық саланың өкілдері және Құрылтай депутаттығына Қазақстан Халық партиясынан үміткер ретінде тіркелген, – деп нақтылады ҚХП өкілдері.