Орман өртінің алдын алу – әр азаматтың ортақ міндеті.
Бір күнде үш орман өрті тіркелді
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі
149
оқылды

Бүгін, 23 шілдеде еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында 3 орман өрті тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Өңірлер бойынша: 

*Қарағанды облысы – 1 өрт; 

*«Ертіс орманы» МОТР – 2 өрт. 

Өрт ошақтары орман өрттерін ерте анықтау жүйесі және мемлекеттік орман күзетінің жерүсті патрульдеуі барысында дер кезінде анықталып, қызметкерлерге хабар беру арқылы оқшауланып, толық сөндірілді. 

Өртті сөндіруге орман шаруашылықтарының қызметкерлері мен тахникалары және «Казавиаорманқорғау» РМКҚ тікұшағы мен әуе десантшылары жұмылдырылды. 

«Орман өртінің алдын алу – әр азаматтың ортақ міндеті. Азаматтарды табиғат аясында демалу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз», - делінген Экология министрлігі хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.