Асан Пердешов алғашқы кезде қазіргі жұбайын өмірлік серігі ретінде қабылдамағанын, бірақ уақыт өте оның ақкөңілдігіне, шынайылығына және адамгершілігіне ғашық болғанын айтты.
Асан Пердешов: «Біздің махаббатымыз үйленгеннен кейін басталды»
143
оқылды

Әнші Асан Пердешов қазіргі жұбайымен қалай танысқанын және олардың махаббаты шаңырақ көтергеннен кейін басталғанын айтып берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Әнші бұл туралы Kezdesu  бағдарламасына берген сұхбатында әңгімеледі. Оның айтуынша, болашақ жарының анасымен бұрыннан таныс болған. Сол кезде енесі қызының дауысын тыңдатып, оған ән жазып беруін өтінген. Бірақ әнші ол кезде қыздың мектеп оқушысы болғанын айтып, оны болашақ жары ретінде ешқашан елестетпегенін жеткізді.

Уақыт өте арадағы байланыс үзілген. Кейін алғашқы отбасымен ажырасқаннан соң жақындары оған қайта шаңырақ көтеруге кеңес берген. Тіпті, әнші болашақ жарын туыстарымен бірге іздегенін де жасырмады. Оның айтуынша, қазіргі жұбайы сол кезде өзіне «аға» деп сөйлейтін. Бір күні қыздың студент атанғанын білген соң, екеуі ашық сөйлесіп, ортақ шешімге келген. Осылайша, шаңырақ көтерген.

Асан Пердешов алғашқы кезде қазіргі жұбайын өмірлік серігі ретінде қабылдамағанын, бірақ уақыт өте оның ақкөңілдігіне, шынайылығына және адамгершілігіне ғашық болғанын айтты.

«Біздің махаббатымыз үйленгеннен кейін басталды. Жоқшылықты да бірге еңсердік. Қазір қол ұстасып, шетелдерді аралап жүрміз», – деді әнші.