Алимент алушылар арнайы банк шотын ашып, оның деректемелерін сот орындаушысына ұсынуға тиіс, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл өзгеріс алимент қаражатын қорғауға және оның тек бала мен еңбекке қабілетсіз адамдардың қажеттіліктеріне жұмсалуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Жаңа тәртіпке сәйкес, арнайы шоттағы қаражатқа тыйым салынбайды және ол басқа берешектер бойынша өндіріп алуға жатпайды.
Егер алимент алушы арнайы шот ашпаса, борышкердің алимент төлеу міндеті сақталады. Бірақ шоттың деректемелері сот орындаушысына ұсынылғанға дейін өндірілген алимент қаражаты алушыға аударылмайды.